Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тарихыңды есте сақта, мақтан тұт!»
04.05.2024
4 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Жеңіс күніне арналған «Тарихыңды есте сақта, мақтан тұт!» атты әдеби викторина өткізді.
79 жылдан бері біз бейбіт өмір сүріп келеміз, алайда оның құны тым қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Ол кеңес халқының 26 миллионға жуық өмірін қиды.
Жеңіс күні – бұл әлем тарихындағы ең қорқынышты соғыстардың бірінің аяқталуын тойлайтын мереке ғана емес. Жеңіс күні – бұл ең алдымен батылдықтың, ерліктің, ар-намыс пен қаһармандықтың мерекесі, бұл біртұтас халық болудың қаншалықты маңызды екенін еске салатын күн, өйткені біз Отанды қорғауға бір адамдай біріге білдік және соның арқасында фашизмді жеңе алдық.
Бүгінгі ұрпақ ең қорқынышты соғыс туралы не біледі, бейбіт өмірді қорғап қалған жерлес батырлардың есімдері есінде ме? Жерлестерінің ерлігін ұрпақтары біледі және ұмытпақ емес, бұған әдеби викторинаға қатысқан Қостанай қ. №2 жалпы білім беретін мектеп-лицейі оқушыларының қойылған сұрақтарға берген тамаша жауаптары дәлел бола алады.
Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлестеріміздің естеліктері, заманауи авторлардың шығармалары, музыкалық шығармалар ұсынылған «Тарихыңды есте сақта, мақтан тұт!» атты кітап көрмесі іс-шараның әрбір қатысушысына тарихымызды мақтан тұтуымыз және оны әрқашан есте ұстауымыз керектігін еске салды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus