Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдеби Қостанай»
24.04.2024
24 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында қостанайлық ақын, прозашы, аудармашы, өлкетанушы Владимир Александрович Лоскутниковты еске алуға және Б. Майлин атындағы Қостанай әдеби бірлестігінің 86 жылдығына (1938 ж.) арналған «Әдеби Қостанай» атты Лоскутников өлкетану оқулары өтті.
Владимир Александрович Лоскутниковтың шығармашылығы әдебиетке, туған жерге, өскен өңірге деген шынайы сүйіспеншіліктің лайықты үлгісі болып табылады. Ал Б. Майлин атындағы облыстық әдеби бірлестік елу жылдан астам уақыт бойы қолына қалам ұстаған қостанайлықтардың нағыз «ұстаханасы» болды.
Оқуларда белгілі әдебиетшілер мен филология студенттері Қостанай әдебиетін дамытудың түрлі аспектілері бойынша баяндамалар жасады. Ал оқулардың соңында сындарлы пікірталас өтті.
Іс-шара барлық қатысушылардың шынайы ризашылығын тудырды, олар қостанайлық әдебиетшілердің есімдері өшпейтініне және осындай өлкетану оқулары жалғаса беретініне сенім білдірді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus