Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Толқыннан толқын туады»
20.04.2021
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, публицист, прозашы, драматург, педагог және аудармашы Зейтін Ақышевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Толқыннан толқын туады» атты виртуалды көрмесін ұсынады. Көрмеге қойылған «Бұршақ соққан жер», «Бәрі де есте», «Ақбел асуы», «Жесірлер» кітаптарында Ұлы Отан соғысы жылдарында ауылдағы, тылдағы және майдандағы адамдардың өмірі мен еңбегі суреттелген. Белгілі композиторлар мен әншілердің шығармашылық жолын зерделей келе Зейтін Ақышев «Жаяу Муса», «Иманжүсіп»  кітаптарын жазды. Оның шығармалары бойынша республика театрларының сахналарында «Жаяу Муса», «Келіндер», «Құтылмайды ол» пьесалары қойылды. Ол В. Панованың «Кружилиха» романын, А.Куприннің «Поединок» повесін, Я. Коластың «Трясина» әңгімесін қазақ тіліне аударды. Оның бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылды. Кітаптар көпшілік оқырман қауымға арналған. 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=Dq3_YDXElTE&t=73s

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus